ҚАРАҚҰЙРЫҚ АУЛАҒАНДАР ҚОЛҒА ТҮСТІ
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында «Қызыл кітапқа» енгізілген қарақұйрық аңын аулаған браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Оқиға 2017 жылғы ақпан айының 21-нен 22-не қараған түні сағат 05.00 шамасында орын алған. Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері мен Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің жедел топ мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік жұмыстары барысында Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым қашықтықтағы далалық жерде «Toyota Land-Cruiser» маркалы автокөлігі тоқтатылады. Автокөлікке қарау жүргізу барысында көліктің жүксалғышынан 33 қоян мен 2 қарақұйрықтың денесі табылды. Олардан 2 аңшы мылтығы мен 19 оқ айғақ зат ретінде алынып, тәркіленді.
Ал заңсыз аң аулағандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Егер де сезіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда, олар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген аң түрлерін аулағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде (11 миллион 345 мың теңге) айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Оларға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы да мүмкін.