ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚОС АУДАНҒА БАРДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов жұмыс сапарымен Қазалы, Арал аудандарына барып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңейтілген мәжілістің отырысына қатысты.
Жиын барысында Абзал Мұхимов сыбайлас жемқорлық профилактикасы және Әдеп жөніндегі кеңес бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқыды. Сонымен қатар, департамент басшысы "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтар туралы айтып, құжатта сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алуға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға ерекше мән берілгенін жеткізді.
Сөз соңында Абзал Сансызбайұлы республика аймағында өткізіліп жатқан «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау барысы туралы да айтып өтті.
Сөз соңында Абзал Сансызбайұлы республика аймағында өткізіліп жатқан «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау барысы туралы да айтып өтті.