«АБАЙ ЖОЛЫ»: АЛАШТЫ ПАШ ЕТКЕН ӘЛЕМГЕ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай «Абай жолы»: Алашты паш еткен әлемге» көрмесі ашылды, деп хабарлайды mks.gov.kz.
М.Әуезов өзінің атақты «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлы Абай жасаған дәуірді, оның шыққан ортасын, ақын, азамат болып қалыптасуын, сол кезеңдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, арман-тілектерін, мақсат-мүдделерін, әлемге танытты. Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев: «Абай жолы» романын «Қазақ өмірінің энциклопедиясы», - деп бекер айтпаған. Жазушы туындыда қазақ халқының фольклорын, шығыс,орыс, еуропа әдебиетімен байланысын, қазақ халқының салт-дәстүрін, саялы жерлерін, ғылым мен білімге деген бетбұрысты, тәрбие, педагогика, психология, философия әфсанасын паш етеді.
Көрме лентасын ардагерлер Х.Матаев пен Н.Сембаев қиып, өз тілектерін білдірді. Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков белгілі композитор, абайтанушы А.Ахметжановқа «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасын, А.Азаматовқа «Абай» медалін табыстады. Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншілері Ж.Тәжиев, Б.Түктібаев өнерлерін көрсетті.
Көрермендер «Адамзаттың Абайы», «Қазақ өмірінің энциклопедиясы», «Әлем әдебиетінің шыңы», «Ұлы дала мәдениетінің жаршысы» тақырыптары бойынша, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын қалай бастағаны туралы экскурсия тыңдады. Сонымен қатар жазушы қолтаңбасы қойылған «Абай жолы» романының алғашқы басылымымен, музей қорындағы қолжазбаларымен, Индия сапарынан алып келген ағаштан жасалған ыдыс жиынтығымен танысты.