1 НАУРЫЗ - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КҮНІ
1 наурыз – дүниежүзілік азаматтық қорғау күні қарсаңында Қызылорда облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері ашық есік күнін өткізді. Іс-шара қонақтары Қызылорда қаласы №4 орта мектеп оқушылары болды.
Кездесу басында өрт сөндірушілер балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы және өрт кезінде атқарылатын негізгі іс-әрекеттерімен таныстырды. Экскурсия барысында оқушылар қызметтік байланыс пункті, қарауылдық қызмет үй-жайы, демалыс бөлмесі, оқу сыныптары, спорт залы және газ-түтіннен қорғау қызметі бөлмелерін көрді.
Бұдан әрі оқушыларға түрлі өрт сөндіру автокөліктері көрсетілді. Балаларға өрт сөндіру техникасы және өрт-техникалық қару-жарақтары туралы айтып берді.
Іс-шара соңында дәл 1 наурызда халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының жарғысы қабылданғаны, оны 18 мемлекет мақұлдағанын, негізгі мақсаты - дүлей зілзалалар мен техногендік апаттар кезінде көмек көрсету екені оқушыларға түсіндірілді.