СОТТАЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ
Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Осы бағытта Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоныр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтың құқығы қорғалды.
Сотталушы 02.03.2016 жылы Қазақстан Республикасы ҚК-ның 296-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет пайдасына пайдасына 49 550 (қырық тоғыз мын бес жүз елу) теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.
Оның айыппұл төлеуге мүмкіндігі жоқтығы анықталып, жеке сот орындаушысының ұсынысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 41-бабының 3-бөлігіне сай 25 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына ауыстыруға бірнеше рет сот отырысы тағайындалады. Сотталушының келмеуіне байланысты оның қатысуынсыз өткен жылы 20 желтоқсанында болған отырыста жазасы қоғамдық жұмысқа тартуға ауыстырылады. Сот қаулысын орындау Байқоңыр қалалық пробация қызметіне жүктелген. Бірақ, сотталған азаматтың тұрмыстық жағдайын зерделеу кезінде соңғының оқыс-оқиға салдарынан алған жарақаты бойынша ІІІ топтағы мүгедектік алғаны және сот отырысына сол себепті қатысы алмағандығы анықталды.
Сондықтан оны «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жаза өтеуден босатуға сотқа ұсыныс енгізілді. Сотталушының сотқа қатысуы Байқоныр қалалық пробация қызметімен қамтамасыз етіліп, қалалық сот оны жазадан босатты.