ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 3 сотталушыға қатысты айыптау үкімі жарияланды.
Сотталушы К. 2010 жылы сотталған адам бола тұра, түзелу жолына түспей, қайтадан қылмыс жасауға дайындалған. Яғни, 2016 жылдың қазан айында қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткен. Топ мүшелеріне тапсырма беріп, олардың рольдерін айқындап отырған. Қылмыстық топ аса ірі мөлшердегі мүлікке қарақшылық және адам ұрлау арқылы қорқытып алушылық жасауға дайындалған. Атап айтқанда, сотталушы К-ның «Қазпочта» АҚ инкассаторына шабуыл жасау арқылы аса ірі мөлшердегі ақшаны иемденіп алуды көздеп, ол туралы туысқаны «Қазпочта» АҚ Қармақшы аудандық байланыс торабының операторы сотталушы Е-ге айтып, соңғыны осы қылмысқа қатыстыруды шешкен. Топтың үшінші қатысушысы сотталушы Б. бұрын ішкі істер органдарында қызмет жасаған, қылмыстарды тікелей орындаушы, қылмыс қаруларын, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды іздестірумен айналысқан.
Қармақшы ауданы тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысына (90 млн. теңге шамасында) бөлінген ақша инкассатор арқылы тасымалданатынынан хабардар сотталушы Е. топ жетекшісі К-ге айтып, тасымалданатын ақшаның уақыты мен көлемі, инкассаторлық қызметті атқаратын адамның саны және тасымалдайтын автокөліктің түрі туралы қажетті мәліметтерді берген. Осыдан кейін, топ қатысушылары алдын ала жоспар құруға, сондай–ақ, қылмыс жасалатын орынды белгілеуге кездескен. Яғни, топ мүшелері ойлаған қылмыстарын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың қазан-қараша айларында 10 рет кездесіп, аса ауыр қылмыстарды жасауға жіті дайындалған. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерді ұрлап, оның туыстарынан ақы талап етуді де жоспарлап, дайындаған.
Топтың аса ауыр қылмыстарды жасау үстінде қолға түсіру адам өліміне немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескеріп, ҰҚК қызметкерлері оларды қылмысқа дайындалу барысында ұстаған.
Сотталушылар К. және Б-ның пәтерлерін тінту барысында ірі мөлшердегі есірткі заты табылған.
Сот үкімімен сотталушы мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясын өтеуге деп белгіленді.
Сотталушы Б. 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтеуге деп белгіленді. Ал сотталушы Е. 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясын өтеуге деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.