БРАКОНЬЕРЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша ағымдағы жылдың 15-25 ақпаны аралығында облыс көлемінде экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, ескерту және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс көлемінде аң аулау ережелерін бұзудың 23 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы бойынша әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 7 құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 158 мың 830 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілді.
Іс-шара барысында 3 қылмыстық дерек тіркелді. Жалағаш, Қазалы аудандарында сексеуілді заңсыз кесу және заңсыз аң аулау деректері бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері 17 ақпан күні түнгі сағат 02.00 шамасында Жаңадария ауылына қарасты Қазанбай елдімекенінде «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, автокөліктің салонынан 2 аңшы мылтығы, 4 қоян, 1 дана прожектор алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Алдағы уақытта Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы саласы құрылымдары құзырлы мемлекеттік басқа да органдармен бірлесіп облыс көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау жұмыстарын жалғастыратын болады.