БЫЛТЫР ЕЛІМІЗДЕ 7 ТҮРМЕ КОЛОНИЯСЫ ЖАБЫЛҒАН
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.
«Өздеріңізге белгілі, кеңес кезеңінде Қазақстан лагерлер отанына айналған-ды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында түрмедегілер саны жағынан АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орынды иеленген едік. 25 жыл ішінде түрмедегілердің санын азайту мақсатында 8 мәрте рақымшылық жасалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қылмыстық саясатты ізгілендіру жүргізілуде»,-деді Марат Ахметжанов.
Бас прокурордың айтуынша, Қазақстан түрме индексінің нәтижесінде, 2012 жылы 35-ші орынға төмендетілді. 2013 жылы желтоқсан айында Бірінші форумда «Түрмедегілердің санын азайтудың 10 шарасы» жобасы ұсынылған болатын. Жобаның мақсаты - 2017 жылы Қазақстанды түрме рейтингісі бойынша 50 көшбасшы елдердің қатарына енгізу. Үш жыл ішінде түрмедегілер саны 35,6 мыңға төмендетілді. 2012 жылы түрмедегілер саны Қазақстанда 48,6 мыңды құраған еді.
ҚР Бас прокурорының орынбасары сөзінің соңында 2016 жылы түрмедегілер санының төмендеуіне байланысты 7 түрме колониясы жабылғанан жеткізді. Осылайша 12 млрд теңге үнемделді.