ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДЕ
Қазіргі таңда әр облыстағы ішкі істер департаменттерінде полиция қызметкерлерінің жауынгерлік дайындықтарын арттыру, төтенше жағдайлардағы тактикалық іс-қимылдарын қалыптастыру үшін арнайы даярлық басқармалары жұмыс жасайтыны белгілі. Аталған басқарма ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен құрылды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің арнайы даярлық басқармасы қоғамдық тыныштық пен ел қауіпсіздігін қадағалайтын полиция қызметкерлерінің жауынгерлік дайындық деңгейлерінің заман талабына сай болуын көздейді. Қазіргі таңда басқармада облысымыздың әр ауданынан келген полиция қызметкерлері жауынгерлік даярлықтарын жетілдіруде. Сабақ барысында білікті мамандар ату, қоян-қолтық айқас, арнайы қорғаныс құралдарымен жұмыс істеу секілді шеберліктерді үйретумен қатар, теориялық дәрістер өткізіп, біліктіліктерін шыңдайды.
Қызметкерлермен өткізілген сабақ барысында түрлі деңгейдегі элементтер аралас жаттығулар, топтық ойындар, сынақ тапсырмалар қолданылды. Бұл полицейлердің экстремалды жағдайлардағы психологиялық тұрақтылығына ықпал ететіндігі сөзсіз.
Сондай-ақ, белгіленген сабақ кестесіне сәйкес аппарат жеке құрамына және жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне арнайы-тактикалық даярлық сабақтары әр түрлі бағыттағы әдістемелік құралдары арқылы жүргізілуде. Ал қалған күндері барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінің кезекші бөліністері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында атыс, арнайы даярлық және дене шынықтыру даярлықтарынан қосымша сабақтар ұйымдастырылады.
Айта кетерлік жайт, аталған оқу-жаттығу сабақтары «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамында облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйытқы болуының нәтижесінде өткізілуде.
«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы – еліміздегі спортты дамытуда іргелі ұйымдардың бірі. Ішкі істер департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті сынды ішкі істер органдарының басын біріктіріп отырған спорт ғимараты 1993 жылы қолданысқа берілген. Кешен арнайы волейбол және баскетбол, футбол алаңымен, 25 метрлік тирмен, заманауи жаттықтыру аппараттары бар жаттығу бөлмесімен жабдықталған.
Осы аталған жаттығу мен сабақ түрлерінен бөлек, полиция қызметкерлерін психологиялық тұрғыда даярлау дәрістері де өтеді.