АЛДАҒЫ 3-5 ЖЫЛДА ДЕВАЛЬВАЦИЯ БОЛМАЙДЫ
Бүгін "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің валюталық саясаты және әлемдік экономикалық жағдай" тақырыбында өткен брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов алдағы 3-5 жылда теңге құнсызданбайтынын айтты. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
"Қазір Ұлттық банктің резерві 28 млрд долларды құрайды. Ұлттық қорда 76 млрд доллар резерв бар. Осыларды қосқанда, мемлекеттің резервіндегі қаржы 104 млрд АҚШ долларын құрайды. Сондықтан, менің ойымша, ақпан айында белгіленген валюталық бағам орта мерзіммен алсақ, алдағы 3-5 жылда өзгермейді. Менің ойымша, 3-5 жылда ешқандай өзгеріс болмауы керек", - дейді Ұлттық банк төрағасы.
Қайрат Келімбетовтің айтуынша, ақпан айындағы девальвация кезінде рубль бағасы, Қытай және Еуропа экономикаларының өсімі зерттелген.
"Ақпан айында валюталық түзету болды. Сонда теңгенің курсы 150 теңгеден 185 теңгеге (182-188 теңге) көтерілген болатын. Біздің ойымызша, ақпан айында жүргізілген валюталық түзету қазір әлемдік экономикада байқалып отырған өзгерістерді ескеріп жасалған", - дейді Қайрат Келімбетов.
Бас банкир сондай-ақ инфляция деңгейі Ұлттық банк жоспарлаған деңгейде сақталып тұрғанын жеткізді.
"Өздеріңіз білесіздер, қыркүйекте инфляция 0,5 пайызды құрады. Қаңтар-қыркүйек аралығында инфляция 5,9 пайызға жетті. Осы орайда жылдық өлшемде қыркүйекте оның деңгейі 7,4 пайыз болды. Бұл өз кезегінде ол Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан жоспарланған 6-8 пайыз диапазонында тұр", - деді Келімбетов.
Ұлттық банк төрағасы долларға шаққандағы теңгенің бағасы 170-188 теңге болып қалса, теңдік сақталатынын және әлемдегі үлкен өзгерістердің барлығын ескергендегі ең тиімді коридор осы болатынын айтады.
Мұнай бағасының төмендеуі, долларға шаққандағы Ресей рублінің құнсыздануы халық арасында "қайтадан девальвация" болады деген үрей тудырып жүр
"Мұнай бағасының төмендеуі, долларға шаққандағы Ресей рублінің құнсыздануы халық арасында "қайтадан девальвация" болады деген үрей тудырып жүр. Бірақ, қайталап айтамын, ақпандағы валютаның өзгеруі барлық мәселе ескеріле отырып, жасалған болатын", - дейді төраға.