ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА «БЖК 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 10 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ
Жыл басынан Қызылорда облысында 10 кәсіпкердің жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кешенді қолдау тапты. Металлургия өнеркәсібі, киім және тамақ өнімдерін өндіру салаларында қызмет көрсететін кәсіпорындар екінші деңгейлі банктерден несие алып,оның пайыздық үстемесін 7-ден 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік алды.
Кәсіпкерлердің 70%-ы кепілзат жетіспеушілігінен туындаған мәселесін жартылай кепілдендіру құралының көмегімен шешіп отыр. Екінші деңгейлі банктерден қаражат тартуға қажетті кепілдемені кәсіпкерлерге «Даму» Қоры ұсынды.
Жеке кәсіпкер Жандос Жәркеев «Даму» Қорының субсидия және жартылай кепілдендіру секілді қаржы құралдарының көмегімен өз бизнесін дамытуға мүмкіндік алды. Көп жылдан бері типографиялық және полиграфиялық өнім өндіру саласында бизнесін дөңгелетіп отырған кәсіпкердің басты мақсаты, жалға алынған ғимаратта орналасқан цехын кеңейту болыпты. Мемлекет қолдауы нәтижесінде «Forte Bank» АҚ-нан рәсімдеген несиеге жеке кәсіпкер арнайы жабдықталған ғимарат алып,өз бизнесін ұлғайтуға мүмкіндік алды.
Қармақшылық кәсіпкер Бақыткүл Бексейітова «Даму» Қорының 50% кепілдемесімен «Сбербанк» АҚ ЕБ-нен 20 млн.теңге көлемінде несие рәсімдеп, айналым қаражатын толықтырды. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің несиесі мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Нәтижесінде несиенің пайыздық үстемесі 5 %-ға дейін төмендетілді. Бақыткүл Бексейітованың айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқасында ол кәсібін дамытып, кеңейтуге шексіз мүмкіндік алып отыр.