СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезеңі мен су алу қаупі туындағанда басқару органдарының, авариялық–құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді.
Оған қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, кент, ауылдық округ әкімдері және азаматтық қорғау қызметтері басшылары қатыстырылды.
Жаттығу барысында Сырдария өзені бойындағы қауіпті учаскелердегі елді мекендер тұрғындарына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су тасқыны кезіндегі іс-әрекет қағидалары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған авариялық – құтқару қызметтерінің күш-құралдарына саптық қарау өткізілді. Оған облыс бойынша осы оқу-жаттығу барысында 1302 адам мен 390 техника қатыстырылды.
Оқу – жаттығу нәтижесінде қала, аудандар әкімдіктерінің басшылығына оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, су тасқыны мезгіліндегі дайындықты ұдайы арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.
С.Сыздық,
Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
Азаматтық қорғаныс бөлімінің
бастығы, подполковник