«СОЮЗ» ЗЫМЫРАНЫНЫҢ СОҢҒЫ ҰШЫРЫЛЫМЫ КАМЕРАҒА ТҮСІРІЛЕДІ
Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-05» ғарыштық жүк кемесін (ҒЖК) «Союз-У» зымыран тасығышымен ұшыруға дайындық жүріп жатыр. Бұл «Союз» ЗТ-ның ең көп модификацияланған құрылғысының - соңғы рет әуеге жол тартуы.
Белгілі бір температураға шыдас беретін арнайы камераны әзірлеушілер ұшырылымның бастан аяқ түсірілетінін айтып отыр. Ұшырылымға камера орнату бағдарлама аясында жүзеге асатынын да айта кетейік.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 43 жыл бойы «Союз» тасығыш-зымыраны 800 рет ұшырылып, оның 20-ы сәтсіз аяқталған.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 43 жыл бойы «Союз» тасығыш-зымыраны 800 рет ұшырылып, оның 20-ы сәтсіз аяқталған.