ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай, елімізде тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.
«Тіл – тәуелсіздіктің тірегі» атты шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестік және ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары, орта мектеп және жексенбілік мектеп ұстаздары, оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Онда «Қоғамдық келісім» КММ-нің директорының орынбасары А.Жұмабаев, облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Л.Есімова, облыстық білім басқармасының бас маманы Э.Жүсіпова, «Мұрагер» мектебінің оқытушысы, АҚШ-тағы Небраска штатының азаматы – Остер Питер, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас эксперті Б.Үсенбаев және 2016 жылғы облыстық «Мың бала» байқауының жеңімпаздары сөз сөйледі.
Облыстық «Мың бала» байқауының «Асыл сөз-шешендік өнері» бойынша бірінші орынды иеленген Алексей Черкезюк «Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптейтін байқаудың жеңімпазы атандым. Осы жобаны ұйымдастырушыларға ризашылығым зор. Көпэтносты Қазақстан жерінде тек қана бейбітшілік болсын. Сіздерді, Халықаралық ана тілі мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді.
Ал, осы байқаудың «Тәуелсіздік – тірегім!» тақырыбында мәнерлеп өлең оқудан бірінші орын алған Валерия Фролова көпұлтты еліміздегі достықтың тіні тіл екендігін айтты.
Дөңгелек үстел аясында облыстық «Мың бала» байқауының биылғы кезеңі бастау алғандығы белгілі болды. Шара барысында тіл саясатын жүзеге асыруға ат салысып жүрген бірқатар мектеп ұстаздары мен «Мың бала» байқауының 2016 жылғы жеңімпаздарының жетекшілері марапатталды.