ҚҰТҚАРУШЫЛАР САБАҚ ЖҮРГІЗУДЕ
Төтенше жағдайдың алдын алудың бір тәсілі қауіпсіздік шаралары жөніндегі үгіт – насихат жұмыстары мен зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу.
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары «Қызылордасушар» Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарындағы су шаруашылығы мамандарына, «Әйтек», «Қараөзек» су тораптарының қызметкерлеріне сабақ өткізді.
Бөлімше бас құтқарушылары Жасұлан Жексембиев пен Бағдат Әлжанов су айдынында қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдай орын алған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер жайлы айтып, суға батқан зардап шегушіні құтқару тәсілдерін көрсетті.
Медицина – психология бөлімінің басшысы құтқарушы Алмара Оразалиева суға батқан зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша дәріс оқыды.
Сабақ соңында су айдынында қауіпсіздік ережелері, құтқару тәсілдері және алғашқы медициналық көмек көрсету туралы бейне роликтер көрсетіліп, сонымен қатар су айдынында техника қауіпсіздік ережелері жөнінде парақшалар таратылды.