КӨП МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШҚАН КОНКУРС
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында конкурс өтті.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов, «Ұшқын» қоғамдық бірлестігі төрағасы Б.Жұмашев және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Шара алдымен бірлестіктегі мүгедек жандардың қолынан шыққан бұйымдармен танысудан басталды. Бірлестік төрағасы Б.Жұмашев бұл бастаманың ертеректе бой көтергенін, қазіргі таңда бірлестіктің 50 мүгедек жанның табыс табар орны екенін және қолөнер бұйымдарын сатылымға шығару жолы қарастырылып жатқандығын тілге тиек етті. Мұнда шеберлер қолөнерден бөлек пластиктен есік-терезе жасап, ағаштан түрлі жиһаздар дайындайды. Олардың арасында тігін цехында құмыс істейтіндер мен жарнама агенттігі материалдарын әзірлейтіндер де бар.
Конкурс барысында шеберлер өздерін әр түрлі қырынан көрсетіп, әр салада жасалған жұмыстарын көрсетті. Партия тарапынан жоғары бағаланған осы бұйымдардың алдағы уақытта базар дүңгіршіктерінің бірінен орын алып, сатылымға шығуына көмек берілетіні айтылды.