ІІМ ӘМБЕБАП ПОЛИЦЕЙДІҢ ЖАҢА КИІМ ҮЛГІСІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
2014 жылдың 1 қарашасында Қазақстандағы әмбебап полицейдің құрылғанына бір жыл толмақ. Дәл осы күні билік жол және патрульды полицейді біріктірген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сол кезде енді әмбебап полицейлер фуражканың орнына кепеш киіп, киім үлгісінде де өзгерістер болатынын айтқан-ды.
Қазақстанның ІІМ бая киімнің жаңа жаздық және маусымдық үлгілері, сондай-ақ, жаңа жеңіл киім үлгілерінің маусымға байланысты қысқа – ұзын жеңді үлгілері дайындалғанын атап өтті. «2013 жылы әмбебап полицейлердің киімін түзетіп қана қойып, үлгілерін толықтай өзгертпеген болатын. Жылы киімдерінің, яғни күртесіне «Жол-патрульдік полициясы» деген жазылған-ды»,- ІІМ тілшіге берген жауабында.
Қазір кезең-кезеңімен полицейлердің қызметіне ыңғайлы жаңа киім үлгісіне көшу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа киім үлгілерімен қамтамасыз ету жергілікті әкімшілікпен қаржыландырылмақ. Ведомстваның мәліметіне сүйенсек, жол және патрульді полицейдің бірігуімен қылмыстардың ашылу көрсеткіші көтерілді. Мәселен, жедел іздестіру нәтижесімен 4,9 пайызболса, қазір жолдағы құқық бұзушылықты анықтау 15,7 пайызға өсті. «Үстіміздегі жылдың тоғыз айында көшеде орын алған қылмыс саны 6,6 пайызға қысқарды. Оның ішінде ауыр қылмыс 34,6 пайызғ, ал аса ауыр қылмыс 17,2 пайызға төмендеді», - делінген хабарламада.
Елімізде барлығы 11 мың әмбебап полицей бар. Ал жол-патрульді полицейлердің есебінде 2,5 мың патрульді автокөлігі тіркелген. Қызметке қабылданарда әрбір әмбебап полицей табельді қару алады.
Шынар БЕКБАН