САБАҚТАН ҚАЛҒАН БАЛАСЫ ҮШІН АНАСЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қазалы аудандық сотында аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті 2017 жылдың қаңтар айының 14-27 аралығында белгісіз себептермен сабақтан қалған. Осы дерек бойынша оның анасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылып, әкімшілік іс қозғалған.
Сот қаулысымен оқушының анасына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 11 118 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.