ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ 50 МЛРД ТЕҢГЕСІН ТЕМІР ЖОЛҒА БЕРУІН ТҮСІНДІРУДІ СҰРАУДА
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қоғамдық кеңесі Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен БЖЗҚ төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның атына темір жол саласын қолдау үшін зейнетақы қорындағы 50 млрд теңгенің бөлінуіне түсініктеме беруін сұрап отыр.
Ресми сауалда 8 бап бар:
1. Бұл ақпарат шындыққа қаншалықты жанасады? Бұл шешімді кім және қашан қабылдады?
2. Егер ақпарат рас болса, бұл қаржыны қай компаниялар ала алады және оны алу шарттары қандай?
3. Қор акционері және құрылтайшысы ҚР Үкіметі, яғни ҚР Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ және Ұлттық банк осы қаржының берілуіне келісім берді ме?
4. Зейнетақы активтерін компаниялардың алуы үшін өтінішті қабылдау тәртібі, іріктеу тәртібі қандай? Және ең бастысы, қаржының қайтарылатынына кепілдік бар ма?
5. Инвестициялық шешім қабылдаудың тетігі қандай? Оны бергеннен кейін қаржының көбейетіні туралы қандай сенім бар?
6. Салымшылар тұрғысынан мұндай инвестиция қордың инвестициялық декларациясына қаншалықты сай келеді?
7. Осы активтерді пайдалануда қандай эмитенттер, ведомствалар мен мемлекеттік бағдарламалар қатысады?
8. Зейнетақы активтерінің қор құрылғаннан бергі, яғни 2014 жылдан бергі қандай жобаларға инвестиция салынғаны туралы толық мәлімет берулеріңізді сұраймыз.
Айта кетейік, бүгін Зейнетақы қорынан 50 млрд теңге елдің темір жол саласына бөлінетіні туралы хабарланған болатын.