ҚОС ЕҢБЕК ЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАҒА КЕЛДІ
«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ директоры, профессор, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя мен «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстанның Еңбек Ері Серік Ақшолақов облыстың денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында қонақтар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» аясында, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты туындаған сауалдарға кеңінен тоқталып өтті. Саланың соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, медицинадағы әлемдік тәжірибелерді тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Юрий Владимир Пя 59 жастағы қызылордалық науқасқа ашық жүрекке жаңашыл ота жасаса, Серік Ақшолақов 15 науқасқа кеңес берді.
Шара соңында, Еңбек Ерлері «Қызылорда облыстық медицина орталығының Құрметті мүшелігіне» қабылданды.
«Құрметті мүшелікке» қабылданған алтын қолды дәрігерлер, алдағы уақытта облыстық медицина орталығына тұрақты түрде әріптестік қолдау жасайтындықтарын мәлімдеді.