ТҰРҒЫНДАР СЕНІМІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛАДЫ
Өткен жылы прокуратура органдарының күнделікті жұмыс үдерісіне «Жобалық басқару» жүйесі енгізілді. Жаңа бастама бойынша қалалық прокуратура жүзеге асырған бірқатар жобалар айтарлықтай нәтиже берген.
Соның бірі – медицина ұйымдарының қызмет көрсету сапасы мен қызметкерлердің әрекеттеріне қатысты түскен арыз-шағымдарға талдау жасау. Талдау көрсеткендей, жалпы денсаулық саласына қатысты қалалық прокуратураға өткен жылы 1016 өтініш түсіп, оның 43-і медицина саласына қатысты болған.
Осыған сәйкес, қалалық прокуратура бастамасымен «Медициналық қызмет сапасы – басты назарда» атты Жол картасы төңірегінде Қызылорда қаласында орналасқан барлық емхана ғимараттарының көрнекті жерлерінде арыз-шағым қабылдауға арналған «Прокурорға шағым» жәшігі орнатылды.
Сала қызметкерлерінің жауапкершілігін көтеруді көздейтін бұл бастама тұрғындардың сенімін арттыруға бағытталып отыр.