ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАРҒА ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЖЕТТІ
Жексенбі күні 20 сағат 40 минутта төтенше жағдай қызметіне Арал ауданындағы Қамыстыбас – Бөген автожолында бір жеңіл автокөліктің қар құрсауында қалып қойғандығы жөнінде хабар түседі. Оқиға орнына жедел жеткен ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ, Арал аудандық ТЖБ және аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері автокөлік пен ондағы екі жолаушыны қауіпсіз аймаққа шығарды.
Келесі күні 10 сағат 30 минут шамасында дәл осы автожолда 10 автокөлік (2 Камаз, 1 Газ-66, 7 жеңіл автокөлік, жалпы саны 32 адам) қалып қойды. Мамандардың жұмылуының арқасында олар да тазартылған жолға дер кезінде шығарылды.