ЕЛБАСЫ ҚАЗА ТАПҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан атынан және өзінің атынан Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қаза тапқан 7 әскеридің отбасына, туыстарына көңіл айтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мен Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиғаны зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы өз елінің нағыз патриоты болып, жауынгерлік борышын орындады», — деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адама қаза тапқан болатын.» Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған», — деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын.