ВУ ДЖОНГ ХИ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ БОЛДЫ
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы баспасөз қызметің хабарлауынша «Ынтымақтастық іскерлік жөніндегі Қазақстан-Кәріс орталығы» АҚ директоры Ву Джонг Хи Сыр еліндегі бірлік пен татулықтың мекеніне айналған Достық үйінде болған. Ол сапар барысында Сыр еліндегі кәріс диаспорасымен жүздесті. Кездесуге облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, «Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалының ардагерлері мен белсенді мүшелері қатысты.
Мәртебелі мейман Достық үйінің музейін аралап, ондағы этнос өкілдерінің бірнеше ғасырлық тарихы, мәдениетімен танысты. Облыста этносаралық келісімді нығайту саласында этномәдени бірлестіктер мен азаматтық институттардың өзара қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Осы орайда, акционерлік қоғамның директоры Ву Джонг Хи іссапарының мақсатымен бөлісіп, алдағы уақытта кәріс этнос өкілдерімен жиі кездесіп тұратындығы жайлы айтып өтті.