ОҚУШЫЛАР ТЕЛЕАРНАНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ
Еңбек нарығына қарай жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру және жас журналистер мен тілшілер арасында отандық телеиндустрияның даму қарқынымен таныстыру мақсатында қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы облыстық "Қазақстан-Қызылорда" және қалалық "Қоғам ТВ" телеарналарында танымдық экскурсиямен болып қайтты.
Экскурсия барысында оқушыларға телехабар жасау технологиясы туралы жалпы түсініктеме беріліп, хабар дайындау барысын тамашалады. Сала мамандарының тынымсыз тірлігіне куә болған оқушылар жүздесуге мүмкіндік жасаған телеарна қызметкерлеріне алғыс айтты.