ҚЫЗЫЛОРДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің ұсынымы және облыстық мәслихаттың келісімі бойынша Ыбыраев Бауыржан Әшімұлы Қызылорда облысының ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Бауыржан Әшімұлы 1969 жылы туған. Орталық Азия университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда облысының ішкі істер басқармасы Жол полициясы басқармасының инспекторы ретінде бастаған.
2016 жылдың маусым айынан бастап жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары.
Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.