ШЕТЕЛДЕН ҚАРЖЫ АЛУ ЖӘНЕ ЖҰМСАУДЫҢ АШЫҚ ТӘРТІБІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты, шетелдік көздерден түсетін қаржыны мониторингтеу және оларға салықтық бақылау жүргізуді көздейтін өзгерістерді таныстыруға арналған дөңгелек үстел өтті.
Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі болып отырған – шет елден түсетін қаржы көздерін мониторингтеуді талқылауға арналған диалогқа облыстың бірнеше қоғамдық бірлестіктері мен қоғамдық қорларының және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Департамент басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков мемлекеттік қауіпсіздігі үшін қабылданған жаңа ережелердің маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бөлім басшысы Гүлсара Қарымсақова үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың, коммерциялық емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің шет елден қаражат немесе мүлік алған жағдайда пайда болатын салықтық міндеттемелері туралы түсіндірді. Жаңа хабарлама мен есеп нысандары таратылды.
Мамандар қатысушылар сұрақтарына жауап берді. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары жалғасын табатын болады.