ДЕПУТАТ МИНИСТРЛІК АТАУЫНАН "ҒЫЛЫМ" СӨЗІН АЛЫП ТАСТАУДЫ ҰСЫНДЫ
Депутат Галина Баймаханова үкімет сағатында Білім және ғылым министрлігін бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сіздердің министрліктің атауынан "ғылым" деген сөзді алып тастауды ұсынамын. Соңғы уақытта біздің ғылым бөлшектеп тасталған. Іргелісі бар, қолданбалысы бар, ғылымға жеке әсер бар, мемлекеттік белгілі бір қолдау бар. Саланы осы қозғалыстардың барлығы көрінетін бір органға жинақтау керек шығар. Сонда бұл мәселе тығырықтан шығып, экономика саласындағы жетістіктеріміз еселеп артар ма еді, сонда біз білімнен де, медицинадан да, индустриалдық дайындықтан да айырылып қалмайтын едік", - деп мәлімдеді Баймаханова.
Сонымен қатар, депутат реформалар мен модернизацияны батысқа еліктей бермей, ішкі логикамен және тарихтағы тәжірибемен өткізуді ұсынды.
Сонымен қатар, депутат реформалар мен модернизацияны батысқа еліктей бермей, ішкі логикамен және тарихтағы тәжірибемен өткізуді ұсынды.