ҚАЗАҚСТАНДА ЖАТЖЕРЛІКТЕР МЕКЕНДЕГЕН ЖЕР ТАБЫЛДЫ
Ресейлік уфолог Симеон Волох ерте заманда жатжерліктердің Жермен байланысында Үстірт даласының үлкен маңызы болған деп есептейді. Бұл жайлы "Экспресс-К" газеті жазады.
Уфологтың пікірінше Үстірт алқабы алып карьерге ұқсайды. Жергілікті рельефті зерттеген ол миллион жылдар бұрын бұл алқап жатжерліктер тұрағына айналған деген байламға келген. Тіпті Симеон Волох олар осы өңірде өздерінің көліктеріне жанармай толтырған деп есептейді. Уфологтың сөзінше оның мұндай байлам жасауына Бозжыра шатқалындағы торий мен тритийдің мол қоры негіз болған. Бұл радиоактивті элементтер негізіген тұзды қоймалардың табанынан табылады. Ал Үстірттің бір кездегі Тетис теңізінің ұлтаны екендігі белгілі.
– Тритий – бұл өте ауыр сутегі, – дейді Симеон Волох. – Оның бір тоннасы 15 млн тонна мұнаймен тең. Сондықтан да біз ерте замандарда Жерге жатжерліктердің жан-жақты жабдықталған кемесі тоқтап, осы өңірді зерттеген деген тоқтамға келдік. Тритий өндіру арқылы олар бұл аймақтың ландшафтын өзгертіп жіберген.
Өз теориясын дәлелдеу үшін Симеон Волох Бозжыра шатқалындағы Азулар шыңына да шыққан. Ол шыңнан бұл маңның бір заманда құпияға толы мекен болғанын дәлелдейтін белгілер табылғанын айтып отыр.