АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН АСҚАРАЛЫ МІНДЕТТЕР
Сексеуіл кентіндегі мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар жетекшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауын қызу талқылап, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға сүбелі үлес қосатындықтарын жеткізді. Ел экономикасын арттыру жолындағы игі бастамалар, қарапайым халыққа жасалып отырған қамқорлық алға басуымыздың нақты көрінісі іспетті. Иә, қай салада болсын дамудың өркениетке жетудің оң қадамдары жасалды. Қол жеткізген жетістіктеріміз жұртшылықтың көз алдында. Әсіресе, Жолдауда айтылған агроөнеркәсіп саласы бойынша тәуелсіз еліміз тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға серпін беріп, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарларға құрылған стратегиялық құжат.
Жолдау агроөнеркәсіп саласын дамытудың нақты жолдарын белгілеп берді.
Елбасы Жолдауда ел экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған көптеген мәселелерді атады.
Кентте де мал өсіруді табысты жүргізіп отыр. Асылдандыру бағытында да шаруаны ұтырлы ұйымдастырып, тіпті, оны кеңейтуге қол жеткізіп келеміз. «Мал баққанға бітеді» деген тәмсіл тектен-текке айтылған жоқ. Мал сою пунктінде өңделген түрлі ет өнімдері дүкендерге күнара шығарылады. Олардың бағалары да арзан әрі сапалы. Сондықтан да өтімді. Аудан орталығындағы жәрмеңкелерге жиі шығып тұрамыз. Шаруа қожалықтарында еңбек етуге барлық жағдай жасалған.
Кентте жұмыс жоқ емес, бар. Оны ұтырлы ұйымдастырып, ұтымды пайдалана білуіміз керек. Жалпы, майда әрі отбасылық шаруашылықтар да кооперативке біріксе, жеңілдіктер жасалады. Яғни, мемлекет шыққан шығынның елу пайызын субсидиялайды, сондықтан барлық мүмкіндіктер бар. Соны пайдалана білуіміз қажет.
Ерболат Иманбаев,
Сексеуіл мал дәрігерлік пунктінің меңгерушісі,
Арал ауданы.