ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 61 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПЕШТЕН ИІС ТИІП, АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН
Қызылорда облысында жыл басынан бері 50 шақты өрт тіркеліп, салдарынан 2 адам көз жұмды. Қыс басталғалы пештен иіс тиіп, 61 қызылордалық ауруханаға түскен. Оның 41-і – бала. Төтенше жағдайлар қызметі осыған алаңдап, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін үй-үйді аралап, кеңес беріп жүр http://24.kz.
- Қаңтар-ақпан айларын алатын болсақ, 20 шақты науқас түсті. Бөлімшеге түскен 8 науқас ем алды. Көбінесе шеткері жатқан және қалаға жақын ауылдардан алып келеді. Амангелді, Махамбет, Бесарық, Шаған ауылынан алып келді. Енді біздің жағдайда өлім-жітім тіркелген жоқ. Бұрынғы жылдары үйінде қайтыс болған жағдайлар тіркелген, деді облыстық медициналық орталығының бөлімше меңгерушісі Ерболат Алдабергенов.
Жылыту маусымы басталысымен өрт оқиғаларының артатыны үйреншікті жағдайға айналған. Сала мамандарынан құралған арнайы мобильді топтар үйді-үйді аралап, сақтық шараларын түсіндіреді. Жеке және көпқабатты үйлердің мұржасы мен желдету арналарының техникалық жағдайын тексереді.
- Дегенмен өрт деректері азаймай отыр. Сондықтан күнделікті кешкі сағат 6 мен 8 аралығында барлық көшелерді аралап өтеміз. Әсіресе үйлерін ағаш пен көмір жағып жылытатын ауылдарды басты назарда ұстаймыз, дейді облыстық ТЖД басқарма басшысы Руслан Қайрақбаев.
Өрт сөндірушілер қайғылы оқиғалардың орын алмауы үшін уақытында мұржаларды тазартып, пеш қабырғасында жарық болмауын қадағалау керектігін ескертеді. Күмән туғызған кез келген ақау байқалса, дереу төтенше жағдай қызметіне хабар беру керек.