КІНДІГІМ БІРГЕ АРАЛМЕН
Сыр өңірінің тумасы Зейнолла Шүкіровтің 90 жылдық мерейтойына орай Арал қалалық мәдениет үйінде «Кіндігім бірге Аралмен» атты мәдени кеш өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл құрыш қазақ – Зейнолла Шүкіровтің өмір жолын, шығармашылығын ұлықтау мақсатында арнайы облыс көлемінде іс-шаралар жоспарланып, қоғамдық саяси маңызы бар шаралар тізбесіне енгізілді. Сондай-ақ, жыл басынан бері облыс көлеміндегі мәдени ошақтар мен білім беру мекемелерінде осы бағыттағы кең ауқымда жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен аталмыш қалалық мәдениет үйіне З.Шүкіровтің есімі берілді. Бұл жөнінде мәдени кеште сөз алған аудан әкімі М.Оразбаев айта келе, жыл бойы ақын құрметіне ұйымдастырылатын маңызды шаралар қорытындысы облыстық деңгейде, үстіміздегі жылдың қазан айында өтетіндігін жеткізді.
Мәдени-сазды кеш одан әрі ақын сөзіне жазылған әндерге жалғасып, дарынды оқушылардың көркем оқуларына ұласты. Бұдан бөлек, кеш барысында күрескер ақынның көзін көрген зейнеткер Ш.Дәрмағамбетов, Ә.Әуезовтер сөз алып, естеліктерімен бөлісті.