НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН СӘУІРДЕ ТОЙЛАУДЫ ҰСЫНДЫ
Павлодар облысы басшысы Болат Бақауов көктемгі күн теңелу мерекесі – Наурыз мейрамын 22 наурызда емес, сәуір айында тойлауды ұсынды.
"Зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында былтырғы жылы осы мейрамды сәуір айында өткізуді ұсынған едім, өйткені 22 наурызда біздің өңірде қысқы ауа райы сақталады, — деді Болат Бақауов халыққа есеп беру жиналысында. – Меніңше, сәуір айы келгенде, өткізетін орынды белгілеп, мерекені бәріміз бірге тойлағанымыз жөн".
Өңір басшысының айтуынша, "бұл әзірше ұсыныс қана". "Егер халық қолдаса, осы бағытта жұмыс істейтін боламыз", — деді ол.
Әлеуметтік желілерде Бақауовтың ұсынысы қызу талқылануда. Қолданушылардың көпшілігі мереке уақытын ауыстыруға болмайды десе, біреулер бұл идеяны қолдап жатыр.