САЯСИ ЖАҢҒЫРУҒА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
Президент бастамасымен билік тармақтарының бөлінуі – саяси жаңғыруға жасалған қадам. Облыстық коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерімен жүздескен облыс әкімдігі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев осылай мәлімдеді.
Брифингте Елбасы Үндеуімен Қазақстанның демократияланудың жаңа кезеңіне қадам басқандығы баса айтылды. Бұл тарихи шешімнің саяси жаңғырудың көкжиегін кеңейтетіндігі сөз болды.
- Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы бері Мемлекет басшысы республиканы әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қалыптастырудың түрлі қадамдарын жасады. Осының арқасында ширек ғасыр ішінде Қазақстан экономика мен саясатта үлкен жетістікке жетті. Елдің әлеуеті айтарлықтай көтерілді. Осының барлығы мықты Президенттік биліктің арқасында келді. Бірақ Елбасы айтпақшы, уақыт өзгереді. Билік тармақтарын бөлісу бүгінгі күні аса қажетті шара. Бұл бағыт ел дамуын жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттік билік жүйесін жақсарта түседі, – деді А. Жұмабаев.