ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ
«Негізгі ішкі мәселе – экономикадағы несие беру. Банктердің несие берудегі қол жетімсіздігі ішкі өнімнің өсуіне септігін тигізбейді. Экономиканың қаржыландырылуы немесе оның қаржымен толығуы дәл қазіргі уақытта жетіспей тұр», - деді әкім.
Әкім экономиканы тиімді дамыту оның ішінде бұқаралық кәсіпкерлікпен айналысу үшін Ұлттық банк саясатын өзгерту қажет деп санайды. Ол шектеулі қаржылай несие саясатынан бастап, инфляциямен күресте экономикалық өсу жолымен біртіндеп қаржылық жоғары деңгейге жеткізуді көздеу қажет. Сондай-ақ, аймақ басшысы экономикадағы долларға қарсы шараларды жалғастыра беру қажет деп есептейді.
«Импортер-компаниялардың төлемақысынан бөлек өзге валюталық операцияларға салық төлемін енгізу қажет. Банк секторларына шетелдік валютада несие берген жағдайда салық төлемін енгізу және банктердің ашық валюталық ұстанымдарына қатаң лимит қойылуы керек. Сонымен қатар шетелдік валютадағы депозиттерді сақтандыру жүйесінен шығару ұсынылады», - деп түсініктеме берді Қ.Көшербаев.