АҚШАНЫҢ БІРШАМА БӨЛІГІ ГАСТАРБАЙТЕРЛЕРГЕ КЕТІП ЖАТЫР
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, бүгінде жұмыспен қамту сияқты мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін тексеру керек. Бұл туралы өңір басшысы Астанадағы Қазмедиа орталығында өткен бейресми кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ресми ақпарат көздері.
"Меніңше, еңбек мигранттарына қатысты талаптарды күшейту керек. Қазақстан азаматтарына бірінші кезекте көңіл бөлген жөн. Себебі жұмыспен қамту шаралары алдымен өз азаматтарымызды еңбекпен қамтамсыз ету үшін қолға алынды. Енді, бізде жалақының көлемі үлкен емес, 40-50 мыңдай. Гастабайтерлер келіп, ол ақшаны алып жүреді. Ал ондай азаматтар өз үйлеріне, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстанға банктер арқылы қанша ақша жіберіп отырады? Осыны әлі де тексеру керек. Әйтпесе, ертең мемлекеттік бағдарламалардың арқасында гастарбайтерлерді асырап отырған болып шығамыз",- дейді әкім.
Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік қолдау шаралары аясындағы қаржыны ұлғайту қажет. Себебі қазіргі 40-50 мың теңге тым аз болып тұр.
Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта мемлекеттік қолдау шаралары аясындағы қаржыны ұлғайту қажет. Себебі қазіргі 40-50 мың теңге тым аз болып тұр.