ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЖОМАРТТЫҚ ЖАСАДЫ
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастырумен «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» жоба аясында қайырымдылық акциясын өткізді. Акция барысында Сырдария ауданы Тереңөзек кенті Б.Момышұлы көшесі,123 үй иелерімен кездесіп, өрт салдарынан баспанасыз қалған Қызылорда жол дистанциясының жол монтері Абай Абдраевқа 1 млн 591мың 700 теңге көлемінде қаржылай көмек беріп, жомарттық жасады.
Өткен жылдың 15 желтоқсан күні Тереңөзек кенті Б.Момышұлы көшесі,123 үйде таңғы сағат 04.00-де өрт шығып, отбасындағы 9 адам далада қалады. Үйдің үлкені Абай Қызылорда жол дистанциясының жол монтері болып жұмыс істейтін. Осыған орай «Теміржол» филиалы мүшелері кеңес өткізіп, онда үйсіз қалған зәру жандарға жомарттық жасау туралы ұсыныс берілді. Бірлігі жарасқан теміржолшылар бірауыздан ұсынысты қолдап, А.Абдраевтың есеп шотына өз еріктерімен 1 сағаттық еңбек ақыларын аударды. «Теміржол» филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаевтың бастамасымен отбасына барып, Қызылорда теміржолына қарасты мекемелерден жиналған 1 млн 591 мың 700 теңгені табыстады.
Еске сала кететін жайт, болған жайды естіген сәтте-ақ жол дистанциясының директоры, БПҰ төрағасы Дүйсенбай Әбдиев баспанасыз қалған жандарды бос пәтерге кіргізіп, оның төлемақысын мекеме есебінен шешіп берген болатын. Аталмыш мекеменің кәсіподақ комитететі төрайымы Ғалия Ноғайбаева 21 желтоқсан күні аудан әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Қайырымдылық –асыл қасиет» атты акциясына арнайы қатысып, Абдраевтың отбасында болып азық түлікпен бірге 100 мың теңге ақшалай көмек көрсетті.
«Нұр Отан» партиясының «Теміржол» филиалының ұйымдастырған игі істеріне және барша теміржолшыларға Абдраевтар отбасы шексіз алғыстарын білдірді.