ШЫНЫ ЗАУЫТЫ КҮЗДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Бүгін Астанадағы бейресми кездесуде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шыны зауытын іске қосу мерзімін атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Ағымдағы жылы күзде, бәлкім, қазанда немесе қараша айында шыны зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыған шығарсыздар, бас мердігерге қатысты қылмыстық іс қозғалса да, аталған кәсіпорында негізгі құрал-жабдықтардың бәрі бар. Мен ойлаймын, "Бәйтерек" ұлттық xолдингі, Инвестициялық қор, Қазақстанның Даму банкі және инвестормен бірлесіп, ол зауытты қазанда, ары кетсе, қараша айында іске қосамыз. Себебі ондай өндіріс облысқа ғана емес, ел экономикасына да ауадай қажет", - дейді Көшербаев.