ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ: «БАЙҚОҢЫРДА ҚҰРЫЛҒАН НЫСАНДАРДЫ САҚТАП, ӘРІ ҚАРАЙ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ»
Байқоңырда құрылған нысандар кешені толық пайдаланылуы қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Шыңтөбе» пікір-талас клубында Қызылорда облысының әкімі хабарлады.
«Іске қосылған нысандар кешендерін міндетті түрде пайдалануымыз қажет. Мемлекет басшысы да Байқоңыр инвестициялық алаңға айналып, бірлескен өндіріс орындарының құрылуына жол ашылу керектігін айтып отыр»,-деді Қырымбек Көшербаев.
Аймақ басшысының айтуынша, Байқоңыр кешеніне инвестиция тарту мақсатында бірқатар жұмыстарды бастау қажет.
Аймақ басшысының айтуынша, Байқоңыр кешеніне инвестиция тарту мақсатында бірқатар жұмыстарды бастау қажет.