НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?
Қазақстандықтар наурызда жарты айдай уақыт демалады. Сенбі мен жексенбілерді санамағанда қазақстандықтар тағы төрт күн демалысқа шығады, - деп хабарлайды "Новое телевидение".
Демалыс күндердің бірі сәрсенбіге түседі - 8 наурыз. Тағы үш күн - Наурыз мерекесіне. Түркі тілдес халықтары үшін ең басты мейрам болып саналатын наурызда 21, 22 жән 23 күндері демалыс болып бекітілген.
Осыған дейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойған еді. Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден - 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге және 2017 жылғы 1 шілде сенбіден - 2017 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды. Осылайша, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалыста болады.