Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІН «КӘСІПҚОРДЫҢ» ЖАҢА ЖОБАСЫНА ТАРТТЫ
ҚР Энергетика министрлігі «Мамандыққа кіріспе – бірінші жұмысшы мамандығын алу» жобасы аясында жастарды оқытуға қосылуы тиіс. Бұл туралы Атырау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Аталған жоба қазіргі кезде халықтың аз қамтылған бөлігінен шыққан жастарды бірінші жұмысшы мамандығымен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол «Кәсіпқор» холдингінің мұнай-газ саласына арнап кадр даярлайтын Атырау бейіндік орталығы базасында ілкі режімде жүзеге асырылуда.
Премьер-Министрдің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықова мұнай-газ саласына арнап кадр даярлау жүйесін Кәсіпқор» холдингінің Атырау бейіндік орталығында әзірленген білім беру жұмысындағы инновациялық амалдар негізінде жаңартуды ұсынды.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде еліміздің 31 колледжі мен 6 ЖОО-ы мұнай-газ саласына арнап кадр даярлайды. Атап айтқанда, колледждер 11 мамандық пен 70 біліктілік бойынша, ЖОО-ы – 1 мамандық бойынша кадр даярлауда. Жыл сайын шамамен 4,5 мың түлек колледжді және 3 мыңдай түлек ЖОО-н бітіреді, яғни, барлығы 7,5 мың жас маман даярланады.