ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ: МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлік онкүндігі болып өтті. Республика көлемінде өткізіліп жүрген дәстүрлі онкүндік «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы С.А.Назарбаеваның туған күнімен тұспа-тұс келеді.
2017 жылдың 2 ақпан күні барлық білім беру ұйымдарында таңғы жиындарда онкүндіктің ашылу салтанаты бастау алып, әрбір сынып есіктері мен дәліздерге ізгілікті сөздер жазылып ілінді. Сонымен қатар, онкүндіктің екінші күнінде «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар Сара Алпысқызы туралы кітаптарды оқып, өмір жолымен еңбектерімен танысты, сонымен қатар балалардың назарына «Сізге деген сүйіспеншілікпен... » атты бейне фильм ұсынылды.
Онкүндік білім беру ұйымдарының 1-5 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз» және 5-11 сынып оқушылары арасында «Сердце наполненное любовью» тақырыптарында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауымен жалғасты.
Бұдан басқа, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Өзін-өзі тану» пәні оқытушылар мен мектеп ұстаздары арасында салааралық тәжірибе алмасу кездесуі өткізілді.
Ерекше ұйымдастырылған шаралардың бірі - оқушылардың өздеріне деген ішкі сенімдерін ұғындыру, дамыту мақсатында өткізілген «Шын жүректен» атты қайырымдылық акцияларын атауға болады. 9 сынып оқушылары өздерінің жасаған қолөнер бұйымдарынан жәрмеңке ұйымдастырып, оған түскен қаржыға қарттар үйіне сыйлық алып, қарт кісілердің көңілін көтеріп қайтты. Қарттарымыз баларына ризашылықтарын білдіріп, өз баталарын берді. Бұдан басқа, «Жүректен жүрекке» тақырыбында демеушілердің көмегімен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Онкүндікті қорытындылау барысында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» ауқымды семинар өтті. Семинарға аудан, қала мектептерінен «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері мен аймақтың білім бөлімдеріндегі әдіскерлер қатысты.
Шараның әрбір күні – мейірімділік пен мерекеге айналды. Оқушылардың дарындылықтарын, қабілеттерін ашу бағытында шығармашылық байқаулар да қалыс қалмады. Әр баланың бойынан анаға, отбасына, туған жерге, досқа және өмірге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын салған суреттері мен аналарына арналған ашық хаттарынан байқауға болады.