ҚЫЗЫЛ МИЯНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыс әкімдігінде қызыл мияны қорғау мәселелері жөнінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиында өңіріміздің шипалы өсімдігі саналатын, Сырдың алтын тамырына айналған қызыл мия тамырларын заңсыз жинауды тоқтату, алдын алу және тосқауыл қою мәселелері талқыланды.
Облыс басшысы бұл емдік өсімдіктің косметикалық, фармацевтикалық және басқа да өндіріс салаларында кеңінен қолданылуына байланысты қызыл мияға деген әлемдік нарықтағы сұраныстың жоғары екенін атап өтті.
- Заңсыз мия тамырын жинаушылар мен тасымалдаушылар жайылымдардың жон арқасын қопарып, қызыл мия тамырын қазып алу арқылы табиғатты аяусыз тонап жатыр. Бұл емдік өсімдікті Қазақстан жерінен жаппай терудің басталу себебі қызыл мия тамырын негізінен өндіруші Қытай, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан жерлерінде өсімдік қорының азаюынан болып отыр. Дегенмен біз табиғи байлықтарды талан-таражға түсірмей, келешек ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз,-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, облыстық жер қатынастары басқармасы, прокуратура және т.б. басқармалардың басшылары өңірдегі қызыл мияның қоры жөнінде есеп беріп, оларды қорғау туралы бірқатар шараларды ұсынды. Облыс аумағынан қызыл мия тамырын шығаруға уақытша тыйым салу, заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын әзірлеу, өсімдікті жинау мен өңдеуге лицензиялауды енгізу сияқты шаралардың қажеттілігі айтылды.
Жиналысты қорытындылай келе, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы қызыл мия тамырының заңсыз қазылуы мен тасымалдануын тоқтату үшін құқық қорғау және құзырлы органдардың арнайы бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.