ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша 16 ақпанда қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған шара 2017 жылдың 16-18 ақпан аралығында жүргізілетін болады.
Шара аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің және Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері түгелдей жұмылдырылды.