ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына биыл 28 жыл. Жыл сайын сонау 1989 жылдың 15 ақпаны күні болған осы тарихи оқиғаның маңызы артып келеді. Осыған орай бүгін облыс орталығындағы "Мәңгілік алау” мемориалы жанында қаһарман жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.
Оған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, "Ерлік” үйлестіру кеңесінің төрағасы Қайреддин Баймаханов пен "Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі” ҚБ төрағасы Ғалымжан Камалов қатысты.
Шара барысында Ауған ардагерлері ерлікпен қаза тапқан майдандастарын еске түсіріп, бір минуттық үнсіздік жариялады. Сонымен қатар, ардагер-интернационалистер мен бірқатар азаматтарға жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар табысталды, делінген syrboyi.kz таратқан ақпаратта.