ҚР ИДМ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
ҚР ИДМ-нің инвестиция комитетіның төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қызылордадағы шыны зауытына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осы мәселе бойынша, өздеріңіз білетіндей тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта біздің мақсатымыз құрылысты тоқтатпай, нысанды уақытында тапсыруымыз қажет. Осы мәселе бойынша, министрлікте жиналыс өтті. Біз механизм таптық, яғни осы компания басты мердігер емес, басты мердігердің консорциум мүшесі болады. Компанияны ауыстыру консорциумның бұрыңғы келісімшартына еш әсер етпейді. Сол себепті механизм бар және сол бойынша осы мәселені шешетін боламыз. Менің ойымша нысанды уақытында өткіземіз. Айлық мәселесі жақын арада реттеліп, құрылыс қайта жанданады", - деді Сапарбек Тұяқбаев Үкімет үйінің отырысында өткен баспасөз конференциясында.
Еске салайық, Бәйтерек ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысында "Orda Glass" ЖШС және оның мердігер ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрған. Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев, Ж.Исабек және М.Кожабаев тартылған.
Жымқырылған қаражат, ұлттық бюродағылардың айтуынша, "Завод строительных металлоконструкций" ЖШС үлестес компаниясы арқылы тамақтануға және жұмысшылардың жатын орнына деп қолма-қол ақшаға айналдырылған.