САЛА МАМАНДАРЫНА ҚАЖЕТТІ СЕМИНАР
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің акт залында «Жол және әкімшілік құқық бұзушылық туралы ережелер» бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға көлік басқаруға жіберілген мекеменің барлық қызметкерлері қатысты. Қызылорда облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Е.Бихожаев және У.Шермағамбетов көліктік тәртіпті сақтау бағытында түсіндірме жасады.
Іс-шара барысында, инспекторлар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік пен апат туралы ақпарат жайлы кеңінен әңгімеледі. Қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
«Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны» сауатты толтыру жайлы Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік салық басқармасының бас маманы Г.Жүкенова тарата айтты. Ол жалған ақпарат берудің жауапкершілігі туралы да ескертті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі