НАН ПІСІРУГЕ ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮРГЕН АШЫТҚЫДА У БАР
Қазақстандық бидайдың сапасы соңғы 5 жыл ішінде айтарлықтай нашарлап кетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші министрі Қайрат Айтуғанов Парламент Сенатының қабырғасында өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды ресми ақпарат көздері.
Оның айтуынша, мұндай жағдайға ауа райының өзгерісі, тыңайтқыштар мен түрлі аурулар себеп болып тұр. Сондықтан ведомство бидай егілетін алқаптарды 2 миллионнан астам гектарға қысқартумен айналысып жатыр. Оның орнына майлы және бұршақ дақылдарын егуге басымдық берілмек. Тек биылдың өзінде оларға бөлінген егістіктердің көлемі 540 мың гектарға артады.
Сондай-ақ басқосу барысында Сенат депутаттары азық-түлік нарығындағы нанның сапалы әзірленуі күмән туғызатынын алға тартты. Сенатор Ляззат Қиынов дүкендегі нанның дәмі жоқ екенін айтып, оны пісіруге қолданылатын ашытқыда денсаулыққа зиян химиялық қоспалардың болуы мүмкіндігін жеткізді.
- Нан пісіруге қолданылып жатқан ашытқыда у бар екен. Оны ойлап тапқан адамның өзі осылай деп айтты. Ашытқының құрамында формалин бар. Ведомство бұл мәселеге мән беруі тиіс деп ойлаймын,- деді депутат.