БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ
Елбасы Н.Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде Үндеу жариялап, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында өз өкілеттілігінің бірқатарын Парламент пен Үкіметке беретіндігін айтты.
Биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтуі мемлекеттік басқару тиімділігін арттырады. Елбасы өз Үндеуінде үш міндетті айрықша атап көрсетті. Біріншіден, еліміздегі саяси жүйенің тұрақтылығын қалыптастыру, екіншіден, Үкімет пен Парламент рөлін арттыру арқылы елді басқарудың неғұрлым тиімді, заманауи үлгісін жасау, ал үшіншіден, мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жасау.
Сондай-ақ, Парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен партияның Үкіметті жасақтауға шешуші ықпал ететіндігі айтылды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде парламенттік билікке басымдық берілген. Мемлекеттік басқару жүйесінің жаңаруы еліміздің демократиялық дамуына бағытталады. Бұл реформа өзгермелі қоғамда еліміздің түрлі сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін нығайтады деп ойлаймын.
Салтанат АБДУЛЛАЕВА,
№71 орта мектеп директорының орынбасары