ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 50-ДЕН АСТАМ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН САЛЫНАДЫ
Бұл туралы 15 ақпандағы тұрғындармен есепті кездесуінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
– Аймақтың әлеуметтік саласының ондаған жылдар бойы кенжелеп қалғанын еңсеру мақсатында және бұл саладағы проблемалардың жеткілікті екенін ескеріп, біз төртінші жыл қатарынан бюджеттің әлеуметтік шығындарын жан басына шаққандағы көлемінің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп келеміз. Бұл көрсеткіш бойынша біз елімізде бірінші орынды иеленеміз, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Алайда, 2016 жылғы облыс бюджеті орындалуға бағытталғанына қарамастан, ең алдымен барлық әлеуметтік міндеттерді, аймақты дамытуға 62 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы бағытталды. Бұл 2015 жылға қарағанда 19 млрд теңгеге артық.
– 2016 жылдың өзінде 50-ден астам әлеуметтік нысан салынды. Оның 25-і сол жылы пайдалануға берілсе, тағы 24-інің құрылысын үстіміздегі жылы аяқтайтын боламыз. Одан басқа тағы 25 әлеуметтік нысан құрылысы басталады. Айтпақшы, 2016 жылы көп жылдардан бері «сақалды» құрылысқа айналған 34 нысанның соңғысы – Талсуат кентіндегі жүйке аурулары интернат үйін пайдалануға бердік, – деді әкім